Нөмірді таңдау Онлайн-төлем Бизнеске Жеке кабинет RU
ГлавнаяҚызметтерРоумингтегі UNLIM Интернет

altel.png

 
 

Роумингтегі UNLIM Интернет

Әлем бойынша сапарда шексіз Интернет – күніне небәрі 590 теңгеге.

Қалай қосуға болады?

Қосу пәрмені 

Интернет-трафик 

Абоненттік төлем

*341*5*1#

100 MB максималды жылдамдықта, одан кейін   128 Кбит/с-тан артық емес

590 теңге / күніне

Қызметтің құны ҚҚС-пен бірге көрсетілген. 

 

Қызметті Қазақстан аумағында алдын ала қосуға немесе барған елінде халықаралық роумингте қосуға болады.

Бір күннің ішінде интернетті пайдаланудың 100 Mб көлеміне қол жеткізген кезде жылдамдық – абоненттік төлемнің келесі шығынға жазылуына дейін 128 Кбит/с-қа дейін төмендейді. Бұл – әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде жайлы тілдесуге және музыка тыңдауға жетеді.


 Қызметті ұсынудың толық шарттары:

  • Қызмет келесі елдерде қолжетімді: 
Австралия, Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Гонконг, Грекия, Грузия, Дания, Джерси, Египет, Израиль, Индонезия, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Литва, Макао, Малайзия, Мальта, Молдова, Моңғолия, Мьянма, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, БАӘ, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сингапур, АҚШ, Таиланд, Тайвань, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, Жапония.
Бұл қызмет – күн сайынғы абоненттік төлем шығынға жазылған жағдайда, Интернетті роумингте күніне 100 Мб-қа дейінгі көлемде максималды жылдамдықта пайдалануға мүмкіндік береді. 100 MБ интернет-трафикті пайдалану көлеміне жеткен жағдайда Интернетке қол жеткізу бұғатталмайды, күн сайынғы абоненттік төлемнің келесі шығынға жазылуына дейін 128 Кбит/с-тан аспайтын жылдамдықта ұсынылады.
  • Қызмет бойынша абоненттік төлемнің кезекті шығынға жазылуы күн сайын Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 00:00-де орын алады.

  • Қызметті қосу – жоғарыдағы USSD-пәрмен, Жеке кабинет және http://roaming.altel.kz беті арқылы, сондай-ақ ALTEL мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді.

  • Қызмет аясындағы интернет-трафиктің пайдаланылмаған көлемі келесі күнге көшірілмейді және қосындыланбайды.

  • Қосылған күнінен бастап 30 (отыз) күн өткеннен кейін Қызмет автоматты түрде ажыратылады, Қызмет аясындағы интернет-трафиктің пайдаланылмаған көлемі нөлге келтіріледі.

  • Қызмет қосылған кезде «Халықаралық роуминг» Қызметі автоматты түрде қосылады.

  • «Роумингтегі UNLIM Интернет» қызметі – «Халықаралық роуминг» қызметі белсенді болған кезде ғана қолжетімді болады.

  • Қызметті қайта қосқан жағдайда қолданыстағы Қызмет автоматты түрде ажыратылып, қосылған Интернет-трафиктің пайдаланылмаған көлемі нөлге келтіріледі де, қосылған интернет-трафиктің жаңа көлемі ұсынылады. Қызметтің қолданылу мерзімі жаңартылады.

  • Қызмет «Роумингтегі Интернет-пакеттер» қызметтерімен бір уақытта қосылуы мүмкін. Бұл ретте Қызмет аясындағы интернет-трафиктің қолданыстағы  пайдаланылмаған көлеміне қарамастан, трафик алдымен «Роумингтегі Интернет-пакеттер» Қызметі бойынша қолданыстағы Интернет-пакеттен жұмсалады, ал қолданыстағы Интернет-пакет біткеннен кейін «Роумингтегі UNLIM Интернет» Қызметінің шарттарына сәйкес есепке алынады.

  • Қызметті Жеке кабинет, ALTEL мобильді қосымшасы, сондай-ақ *341*5*0# USSD-пәрмені арқылы ажыратуға болады

  • Қызмет – City-2 тарифтік жоспарларының абоненттерін қоспағанда, төлем жасаудың алдын ала нысанының абоненттері үшін қолжетімді.

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ