"Жаңа нөмір" қызметі сенің нөмірің өзгерген кезде жаңа нөміріңді басқа абоненттерге хабарлау мүмкіндігін береді.
Қызметті қосқан соң:
* сенің ескі нөміріңе қоңырау шалған тұлғалар SMS түрінде сенің жаңа нөмірің туралы ақпарат алады
* егер сенің өшірулі ескі нөміріңе қоңырау шалса, сен өзіңнің жаңа нөміріңе SMS түрінде хабарлама аласың.
Қосу:
Қызметті қосу үшін өзіңнің жаңа ALTEL нөміріңнен төмендегі пәрменді тер:
*118*XYYYZZZZZZZ#
мұнда, XYYYZZZZZZZ – сенің бұрынғы нөмірің ( +-сіз, мысалы 77087080808)
Жауабына сервистік нөмір көрестілген SMS келеді. Бұл сервистік нөмірге бұрынғы телефон нөмірінен қоңырауларды басқа нөмірге бағыттау қызметін орнату керек.
Қоғырауларды басқа нөмірге бағыттау үшін SIM-картаны телефонға орнат та, келесі пәрменді тер:
**21*[сервистік нөмір]#
Қызмет туралы жалпы ақпарат:
* «Жаңа нөмір» қызметі тегін.
* Қызметтің жарамдылық мерзімі 90 күн. Қызметтің мерзімі аяқталғанда қызмет автоматты түрде өшіріледі.
* Назар аудар! Сенің ескі нөмірің қосылулы болуы керек және теңгерімінде қаражаты болмағандықтан бұғатта тұрмауы керек, ондай жағдай туындаған болса, қызмет көрсетілмейді.
* Өзіңнің жаңа нөміріңе ҚР-ның кез келген операторының 4 ескі нөмірін бір мезгілде орнатуға болады.
* Қызметтің дұрыс жұмыс жасауы үшін «ескі» нөмірді басқа абонент пайдаланбауы керек.