Нөмірді таңдау Онлайн-төлем Бизнеске Жеке кабинет RU

ALTEL TV

ALTEL TV-мен бірге тек үздік телеарналарды таңда.

ALTEL TV сервисі ALTEL абоненттеріне таңдалған пакет аясында интернет арқылы телевизиялық арналар мен бейне контентті көруге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.  

Барлық пакеттер аясында келесілер қолжетімді болады:

  • көруді жоспарлау қызметі бар электронды хабарлар бағдарламасы,

  • хабарлар мұрағаты (3 күнге дейін),

  • кейінге қалдырылған көру

  • бүкіл ҚР аумағында контентке қол жеткізу

  • кез-келген қосылу типі (LAN/Wi -Fi, 3G/4G)

  • интернет-трафикті нөлге келтіру

 WEB-сайт: tv.altel.kz

Мобильді қосымша: ALTEL TV

Қосылуға арналған пакеттер:

Алғаш рет қосқан кезде, сервиске қол жеткізу 7 күн бойы тегін ұсынылады.

Қызметті ұсынудың толық шарттары:

  •  Сервис өзара есеп айырысудың аванстық және кредиттік жүйелеріндегі барлық абоненттер үшін қолжетімді,

  • SIP тарифтерін қоспағанда, барлық тарифтік жоспарларға арналған,

  • Жеке және заңды тұлғаларға,

  • Қатарынан 45 күн бойы шығынға жазу сәтсіз болған жағдайда, нөмірдегі қызмет ажыратылады

  • Сервис роумингтегі абоненттер үшін қолжетімсіз.

  • Абонент бір уақытта 2 ТВ-пакетке жазыла алмайды;

  • Қызметке қосылған кезде 7 күндік тегін кезең ұсынылады;

  • Одан кейін немесе сынақ кезеңі біткеннен соң күн сайынғы абоненттік төлем автоматты түрде шығынға жазылады;

    a) Қызмет бойынша абоненттік төлемді шығынға жазу үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, қызмет тоқтатыла тұрады;
    b) Кейінгі шығынға жазу ойдағыдай жүзеге асқаннан соң қызмет әрі қарай жалғасады;
    c) Қатарынан 45 күн бойы шығынға жазу сәтсіз болған жағдайда нөмірдегі қызмет ажыратылады.

  • Барлық тарифтер ҚҚС-пен бірге көрсетілген.
  • Пакеттердің құны, сондай-ақ олардың толтырылуы келісім бойынша өзгертілуі мүмкін.

  



Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ