Нөмірді таңдау Онлайн-төлем Бизнеске Жеке кабинет RU
ГлавнаяҚызмет көрсету

Регистрация абонентских устройств по IMEI

IMEI деген не?
IMEI (International Mobile Equipment Identity) – өндіруші-зауытпен берілетін, құрылғының 15 таңбалы халықаралық сәйкестендіру коды. 
Қандай құрылғыларды тіркеу керек?

Сим-карталары бар кез-келген құрылғылар тіркелуі тиіс: телефондар, смартфондар, планшеттер, модемдер, роутерлер, сим-картасы бар смарт-сағаттар және сим-карталары бар басқа құрылғылар.

Машиналардың бір-бірімен ақпаратты алмасуына немесе оны біржақты тәртіпте жіберуге және қабылдауға мүмкіндік беретін технологияны қолданатын арнайы машиналық өзара қатынасу құрылғылары (М2М) ғана бұл ережеге бағынбайды.

Тіркеу ережелеріне сілтеме:

http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017028


Как зарегистрировать новый номер в новом устройстве?

Отправьте SMS на номер 6914 с Вашими данными через пробел и в следующей последовательности: ИИН Фамилия Имя

Неліктен құрылғыны тіркеу керек?

Бұл - "Байланыс туралы" баптан туындайтын заңнама талабы. Аталған заңға сілтеме:

http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z040000567_#z0

Бұл шара телефондардың ұрлануын азайтуға жәрдемдеседі деп күтілуде

Егер байланыс жоғалса (байланыс қызметі жоғалса)не істеу керек?

Нөмірдің өз атыңызға тіркелгеніне және қайта тіркеу кезінде дұрыс ЖСН көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.

Ол үшін *835# USSD-пәрменін теріп, нұсқаулықтарды орындаңыз.
Мен нөмірдің дұрыс тіркелгенін қалай тексере аламын?

  • *835# USSD-пәрмені арқылы

  • Жеке кабинет арқылы

  • Байланыс салонына жүгіну арқылы


Құрылғыны қалай тіркеуге болады?

Құрылғыны тіркемес бұрын *835# USSD-пәрмені арқылы нөмірдің өз атыңызға тіркелгеніне және тіркеу кезінде дұрыс ЖСН-нің көрсетілгеніне көз жеткізуіңіз керек

Құрылғыны тіркеу үшін, Байланыс салонына келместен келесі әдістердің кез-келгенімен, тіркелетін нөмірден ЖСН жіберсеңіз жеткілікті болады:

1.       ALTEL/TELE2 нөмірінен ЖСН-ді СМС арқылы 6914 қысқа нөміріне жіберу;

2.       *6914*1# USSD-пәрменін теріп, пайда болған мәзірде ЖСН енгізу;

3. ЖСН-ді http://imei.altel.kz  интернет-ресурсы арқылы жіберу

ҚР ұялы операторының нөмірін пайдаланған жағдайда шетел азаматтары құрылғыны қалай тіркеуі тиіс? (егер ЖСН болмаса)

*6914*3# USSD-пәрменін теріп, мәзірдің нұсқауларын орындаңыз.

немесе

байланыс салонына жүгініңіз

Тіркеудің болуын өз бетінше қалай тексеруге болады?

Тіркеуді бірнеше әдіспен тексеруге болады:

  •  http://imei.rfs.gov.kz/ сайтында құрылғының IMEI-кодын енгізіңіз. Егер сіз өзіңіздің IMEI-кодін білмесеіңіз, *#06# теріңіз.

Немесе

  •  *6914*1*2#USSD-пәрменін теріңіз

Егер құрылғы басқа ЖСН-ге тіркелген болса, не істеу керек?

*835# пәрмені арқылы нөмірдің тіркелуін тексеріңіз.

 Егер құрылғы кімнің ЖСН-іне тіркелгенін білсеңіз, *6914*1*3# пәрменін теріңіз, онда өз ЖСН-іңізді және құрылғыны қайта тіркеу жүзеге асырылатын, құрылғының жаңа пайдаланушысының ЖСН-ін, өз нөміріңізді және құрылғының жаңа пайдаланушысының нөмірін көрсетуіңіз керек.

 Егер құрылғы кімнің ЖСН-іне тіркелгенін білмесеңіз, құрылғыны өз ЖСН-іңізге тіркеу үшін байланыс салонына жүгініңіз. Өзіңізбен бірге құрылғының өзі және меншік құқығын растайтын құжаттар (чек, қорап, кепілдік талоны және т.б.)болуы тиіс.

Құрылғының бірегей емес немесе қайталама IMEI-коды деген не?
Абоненттік құрылғыларды өндіруші-зауыт оларға бірыңғай/түпнұсқа сәйкестендірме IMEI-кодын береді (сериялық нөмірдің баламасы). Алайда, бірқатар ұсақ өндірушілер құрылғыларды көшірген кезде бөтен IMEI-кодтарды пайдаланады, яғни мұндай құрылғыларда - түпнұсқа құрылғыдағы кодқа дәл ұқсайтын, дұрыс емес (бірегей емес) IMEI-код бар. Операторлардың желілерінде бір IMEI-кодын иемденетін абоненттік құрылғылар болуы мүмкін. Мұндай кодтар бірегей емес немесе қайталама кодтар деп аталады.
Тіркеу тегін бе?
Абоненттік құрылғыларды тіркеу тегін жүзеге асырылады.
Өз атыма неше қрылғыны тіркесем болады?
Бір ЖСН-ге абоненттік құрылғылардың кез-келген мөлшері тіркелуі мүмкін.
Бір құрылғыны неше абоненттің атына (ИИН) тіркеуге болады?
Абоненттік құрылғылар жеке пайдаланылады деп тұспалданатындықтан, әрбір құрылғы бір иемденушіге (ИИН)ғана тіркелуі мүмкін.
Егер мен құрылғыда бірнеше sim-карта пайдаланатын болсам, оны қалай тіркеуге болады?

Бір құрылғыны барлық сим-карталарыңызбен пайдалану үшін, бұл нөмірлер бір адамның атына, яғни бір ЖСН-ге рәсімделген болуы тиіс.

Құрылғыны - қолда бар сим-карталардың әрқайсысынан тіркеу қажет. 

Бірнеше құрылғыны қалай тіркеуге болады, егер де мен оларда бір sim-картаны пайдаланатын болсам?
Әр құрылғыны өзіңіздің сим-картамен бірге кезекпен тіркеп шығу қажет.
Баланың құрылғысын қалай тіркеуге болады?
Егер құрылғыны 14 жасқа дейінгі бала пайдаланатын болса, онда ата-анасы баланың құрылғысын өзінің ЖСН-іне тіркеуі тиіс.
Құрылғыны ауыстырған кезде оны тіркеуден шешіп, жаңа пайдаланушының атына қайта тіркеу керек пе?

Егер құрылғы басқа пайдаланушыға табысталатын болса, табыстамас бұрын құрылғыны тіркеуден шешуге кеңес беріледі, олай болмаған жағдайда жаңа иесінде қиындықтар туындауы мүмкін.

 Абоненттік құрылғыны тіркеуден шешу үшін ағымдағы иесі *6914*1*4# USSD-пәрменін теріп, өзінің ЖСН-ін жіберуі тиіс.

Осыдан кейін жаңа иесі құрылғыны өз атына тіркей алады.

 немесе

 Құрылғыны *6914*1*3# USSD-пәрмені арқылы жаңа пайдаланушының атына қайта тіркеуге болады, онда өз ЖСН-іңізді және құрылғыны қайта тіркеу жүзеге асырылатын, құрылғының жаңа пайдаланушысының ЖСН-ін, өз нөміріңізді және құрылғының жаңа пайдаланушысының нөмірін көрсетуіңіз керек.

 немесе

 Жеке куәлігіңізбен және тіркеуден шешкіңіз келген құрылғымен бірге Байланыс салонына жүгінуіңіз керек.

Егер мен роумингте болсам, құрылғыны қалай тіркеуге болады?
Егер құрылғы тіркелмейтін болса, Қазақстанға келген кезде сізге құрылғыны тіркеуден өту ұсынылады. 
Мен планшеттерді, модемдерді, роутерлерді қалай тіркей аламын?

Планшетті/модемді/роутерді тіркеу үшін, тіркелетін құрылғыдан http://imei.altel.kz   интернет-ресурсын ашып, арнайы алаңға өзіңіздің ЖСН-ді енгізіңіз де, «Жіберу» түймешігін басыңыз.

ALTEL нөмірінен ЖСН алынған жағдайда біздегі автоматты қызмет көрсету жүйесі

құрылғының IMEI кодын, ондағы пайдаланылатын абоненттік нөмірді анықтайды және құрылғыны келесі үш параметр бойынша автоматты тіркеуді жүзеге асырады: ЖСН, абоненттік нөмір

және құрылғының IMEI коды, егер де абоненттік нөмір дұрыс тіркелген болса.

Мен сим-картасы бар смарт-сағатты қалай тіркей аламын?

Смарт-сағатты тіркеу үшін келесі әдістердің кез-келгенімен ЖСН жіберсеңіз жеткілікті болады:

 Немесе

  •  Өзіңіздің ЖСН-ді ALTEL/Tele2 нөмірінен СМС арқылы 6914 қысқа нөміріне жіберу

Сим-картасы бар автодабылдамаларды, датчиктерді, трекерлерді, төлем терминалдарын және т.б. тіркеу керек пе?
Жоқ
Қандай жағдайларда абоненттік құрылғыны тіркеуден бас тартылуы мүмкін?
Егер аталған абоненттік құрылғы басқа иемденушінің атына тіркелген болса
Құрылғыларды тіркеу туралы осы ереже Қазақстан аумағында роуминг қызметтерін пайдаланатын абоненттерге қолданылады ма?
Жоқ.
Егер құрылғы екі симкалы болса, тіркеуден қалай өту керек?

Әдетте, екі симкалы құрылғыда әртүрлі 2 IMEI коды болады және олардың екеуін де тіркеу қажет. 

a) Егер бірінші слотқа ALTEL sim-картасы салынған, ал екіншісі - бос болса:

Егер екі симкалы құрылғыда бір абоненттік нөмір ғана пайдаланылатын болса, онда екі IMEI кодын сіздің қолданыстағы нөміріңізбен тіркеуге болады. Тіркеу үшін sim-картаны бір слоттан екінші слотқа ауыстырып салу қажет болады.

b) Егер бірінші слотта ALTEL sim-картасы, екіншісінде ALTEL sim-картасы болса:

Егер екі симкалы құрылғыда әртүрлі екі нөмір пайдаланылатын болса, екі IMEI де пайдаланылатын нөміріне қарай тіркелуі тиіс.  

c) Егер бірінші слотта ALTEL sim-картасы, ал екіншісінде - басқа оператордың sim-картасы болса:

Бірінші слоттың IMEI коды ALTEL sim-картасының тіркеу деректерімен бірге ALTEL желісінде тіркеледі, ал екінші слоттың IMEI коды оператордың алгоритміне сәйкес басқа оператордың sim-картасының тіркеу деректерімен бірге басқа операторда тіркеледі.


Егер екі симкалы телефондағы бір нөмір компанияға, ал екінші нөмір менің атыма рәсімделген болса ше?

Құрылғы өз иесінің атына тіркелген болуы тиіс. Егер сіз бірі - өз атыңызға, ал екіншісі - заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге тіркелген екі нөмірді пайдаланылатын екі симкалы абоненттік құрылғының иесі болсаңыз, мұндай құрылғыны екі слоттан да өзіңіздің ЖСН-ге тіркеуіңіз керек (екі sim-картадан).

Егер құрылғы тіркелген болса, оған басқа абоненттің (күйеуінің, әйелінің, бауырының және т.б.) sim-картасын орнатқан кезде ол жұмыс істейді ме?

Жоқ

Нөмірді басқа ұялы оператордың желісіне (MNP) көшірген кезде құрылғыны тіркеуді қайта жүргізу керек пе?
Нөмірді басқа оператордың желісіне көшірген кезде абоненттік нөмір ауыспайды. Егер көшіргенге дейін пайдаланылған құрылғы әрі қарай пайдаланылатын болса және абоненттік нөмірдің тіркеу деректері (ЖСН) өзгермеген болса, онда құрылғыны қайта тіркеу қажет етілмейді.
Неліктен *#06# пәрмені бойынша IMEI белгілерінің саны *6914*1*2# пәрмені бойынша белгілер санына сәйкес келмейді
Қосылған кезде құрылғы өзінің IMEI-кодын көрсетеді, онда тек алғашқы 14 сан ғана оны оператордың желісінде техникалық авторландыру үшін міндетті болып табылады, ал қалған 15-ші сан есептік бақылау саны болып табылады, ол беріле алмайды және ескерілмейді.

Қауіпсіздік сертификаты

«Қауіпсіздік сертификаты» деген не?
Қауіпсіздік сертификаты – бұл шифрлейтін хаттамалардан тұратын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлік символдар жиынтығы. Сертификат қазақстандық Интернет желісінің пайдаланушыларын ҚР заңнамасы тыйым салған заңсыз контенттен «нүктелеп» қорғауға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік сертификатын сізге кім ұсынды? Ол қай жерде сертификаттаудан өтті?
Бұл қауіпсіздік сертификаты Қазақстанда әзірленген және ақпараттық жүйелер мен деректерді қорғау саласындағы өкілетті мемлекеттік органмен ұсынылған.
Қауіпсіздік сертификатын неліктен орнатуым керек?
Қауіпсіздік сертификаты ҚР заңнамасының талабы бойынша орнатылуы тиіс және 11-т. «Байланыс туралы» ҚР Заңының «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану ережелеріне» сәйкес байланыс операторлары байланыс қызметін көрсету шарттары жасалған абоненттерінің арасында қауіпсіздік сертификатының таралуын қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік сертификатын қандай құрылғыларға орнату керек?
Қауіпсіздік сертификаты смартфон, планшет, модем, роутер, смарт-сағат және ұялы оператордың сим-картасы бар барлық құрылғыларға орнатылуы тиіс.
Қауіпсіздік сертификатын орнатпасам не болады?
Абоненттік құрылғыларда қауіпсіздік сертификаты болмаған жағдайда жекелеген Интернет-ресурстарға қолжетімділікке қатысты техникалық шектеулер қойылуы мүмкін.
Қауіпсіздік сертификатын орнату менің дербес деректерімнің қорғалуына қалай әсер етеді?
Қауіпсіздік сертификаты Қазақстанның ұялы байланыс абоненттерінің Интернетке барынша қауіпсіз режимде шығуын қамтамасыз етуге бағытталған. Қауіпсіздік сертификаты үшін сіздің дербес деректеріңіз қолжетімсіз.
Қауіпсіздік сертификаты бар қосымшаның «салмағы қанша»?
Қауіпсіздік сертификатының көлемі - 2 Кб.
Как убедиться, что сертификат безопасности установлен на моем устройстве?

Вам необходимо пройти на проверочный сайт http://check.qca.kz

Жаңа абоненттерге

Жеке тұлғалар үшін өзімен бірге қандай құжаттар болу керек?
Жеке тұлғалар үшін: ЖСН-мен жеке куәлік
Өз телефон нөмірімді қалай білуге болады?
*802# сұранысын немесе 802 нөміріне кез-келген мәтіні бар SMS жіберу керек.
Теңгерімді қалай білуге болады?
*111# сұранысын немесе 111 нөміріне кез-келген мәтіні бар SMS жіберу арқылы, сондай-ақ 811 нөміріне қоңырау шалуға болады
Өз тарифімді қалай білуге болады?
*808# сұранысын немесе 808 нөміріне кез-келген мәтіні бар SMS жіберу керек.
Трафик қалдығын қалай тексеруге болады?
Пакетте трафик қалдығын тексеру үшін телефоныңыздан *807# теріңіз немесе Жеке Кабинетте тексеріңіз
Бонустық шотты қалай білуге болады?
*807# сұранысын немесе 807 нөміріне кез-келген мәтіні бар SMS жіберу керек.

Тарифтер және қызметтер

Жеке Кабинетке қалай кіруге болады?
1. https://cabinet.altel.kz парақшасына өту керек 2. Сіздің ALTEL 4G:GSM нөміріңізден 126 нөміріне кез-келген мәтіні бар SMS жіберіп, парольді алуға болады. ЖК-ке парольді SMS арқылы алған кезде әр жіберу сайын жаңа пароль келеді. Бұл пароль ЖК соңғы кіруден соң 90 күн бойы сақталады. «Парольді e-mail - ге жіберу» сұранысын таңдаған кезде, ағымдағы пароль жіберіледі.
Конференц – байланысты қалай ұйымдастыруға болады?
Конференц-байланыс режимі бірнеше қатысушының сөйлесуін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ол үшін конференция ұйымдастырушысына: 1. Бірінші абоненттің нөмірін теріп, жауапты күту; 2. Екінші абоненттің нөмірін теріп, шақыру батырмасын басу; 3. Екінші абоненттің жауабын алған соң, шақыру батырмасын қайта басу; 4. Тағы қатысушыны қосу үшін 2 және 3 қадамдарды қайталау керек; 5. Конференц-байланыс сеансын аяқтау үшін, өшіру батырмасын басу қажет. Конференц-байланыстың қатысушылары мобильді, бекітілген желіліердің абоненттері бола алады. Егер байланысты конференция ұйымдастырушысы аяқтаса, абоненттер арасында байланыс тоқтатылады. Бағасы: Әрбір қатысушымен байланысты ұйымдастырушы таңдалған бағытқа байланысты төлейді.

Интернет

Интернетті ортануды қандай баптаулар қажет?
SIM-картаны жана телефонға немесе смартфонға орнатқан кезде, АЛТЕЛ желіснің деректер тарату қызметін орнатудың автоматты баптаулары ұсынылады, ол баптауларды ұялы телефонда сақтап және іске қосу амал шарттарын жасау жеткілікті. Сонымен қатар, баптауларды алу USSD/SMS-командалар арқылы сұраныс жасау көмегімен алуға болады. Android ОП-гі кейбір телефондар баптауларды орнатудың растауын қажет етпейді. Яғни, SMS арқылы келген ескертуді, баптаулар жіберілді деп есептеу керек. Басқару *800# автоматты баптауларды қайта алу сұранысы немесе 800 нөмеріне жіберілген кез-келген мазмұндағы SMS, деректер тарату қызметін орнатудағы автобаптаулар сервисі тегін беріледі. *Автоматты баптауларды кей телефондар дұрыс қабылдамайды - толық жауап алу үшін АЛТЕЛ абоненттерге қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Жылдамдықты қалай тексеруге болады?
Деректерді тарату қызметінің жылдамдығын тексеру үшін  http://www.speedtest.net/ru/ сайтын колдануды ұсынамыз және баптаулар ішінде басты сервер ретінде  ALTEL таңдау қажет.
Менің үйім ғимараттың сенімді қабылдау аумағында, бірақ құрылғыда бөліктің 1/2 және жылдамдығы төмен.
Қамту туралы ақпарат сайтта мәлімет үшін берілген, олар мінсіз жағдайларда орта статистикалық деректерде негізделген, бұл барлық операторлар үшін стандартты тәжірибе болып табылады, өйткені әр нақты ғимаратта радиосигнал деңгейі түрлі факторларға себепші болады, оның ішінде ғимараттың және оның құрылымының ерекшеліктері. Осы себеппен бірде бір оператор желінің қамту аумағының кез келген жерінде тұрақты сигналды қамтамасыз етпейді, өйткені өзінің құрылымында радиотолқынның қатынауына кедергі ететін көп металлқұрылғыларымен ғимарат осындай орын болуы мүмкін.

Нөмірді тіркеу

Жеке кабинет

Әрекет ету аймағы

ALTEL мобильді қосымшасы

Пайдалы нөмірлер

Құрылғы реттеу

Остались вопросы?
Свяжитесь с нами!

611 - для абонентов ALTEL (бесплатно);
+7 700 8000880 - для звонков с других сотовых операторов РК (бесплатно для абонентов ALTEL);
8 8000 8000 11 - для сотовых операторов и городских номеров РК (бесплатно);
2 598 777 - для жителей города Алматы (бесплатно).

Кері байланыс

Мобильді алаяқтық

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ