Перейти на новую версию сайта
Нөмірді таңдау Онлайн-төлем Бизнеске Жеке кабинет RU
ALTEL Скачать приложение

Жаңалықтар

Шымкент қ. VR кинотеатры іске қосылады

1 Мая 2019
01 мамырдан 10 мамырға дейін Шымкент қаласының тұрғындары күнделікті сағат 18:00-22:00 аралығында «ShymkentPlaza» СОСО-да өтетін Shymkent VR FilmFest шарасына келе алады

Виртуалды шындық пішіміндегі 16 фильм көруге ұсынылады, олардың басым көпшілігін – фестивальдің VR-контент бойынша ресми әріптесі, 360 инновациялық пішіміндегі БАҚ арасында көшбасшылардың бірі болып табылатын RT телеарнасымен ұсынды. Фестивальдің бағдарламасына – ілгерілеудің сөзсіз атрибуттары болып табылатын жылдамдық пен жоғары технологияларға арналған фильмдер енгізілді. Барлық фильмдер Huawei компаниясы ұсынған 15 заманауи құрылғыда бір уақытта көрсетіледі, ал деректер беруді – Altel компаниясы 4G+ технологиясының көмегімен қамтамасыз етеді. Іске қосуға техникалық қолдау көрсету – GreatGonzoStudio компаниясының VRCM синхрондық бақылау жүйесінің арқасында жүзеге асырылады.

Shymkent VR filmfest шарасына келушілер виртуалдық шындық көзілдіріктерінің арқасында ашық космосқа шығу және гиперілмекпен жүру, ғарышқа ұшу, дельтапланмен, СУ-27 ұшағымен ұшу, парашютпен секіру, Камчаткада сноуборд тебу, Солтүстік полюске саяхат жасау және әлемнің ең ілгерішіл қалалары – Шанхай мен Нью-Йорк қалаларының төбесімен ұшу, сондай-ақ көптеген өзге де адам айтқысыз және әсерлі шытырмандарға ену мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Shymkent VR FilmFest фестивалінің әріптесі және бағдарламалық директоры – РФ Деректі кино гильдиясының вице-президенті, Мәскеу кинофестивалінің іріктеушісі, Russian VR Seasons және VRability жобаларының жетекшісі Георгий Молодцов болып табылады.

«Қазақстандағы VR-кино фестивалі алғаш рет 2018 жылғы қыркүйек айында Алматыда және желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен болатын. Бірнеше айдан соң, көктемгі мерекелер қарсаңында біз оны Шымкент қаласында өткізіп отырмыз. Контент тақырыптамасы – бізге соңғы технологиялар ұсынатын жоғары жылдамдықтар, сондай-ақ өзектілігін ешқашан жоғалтпайтын ғарыш . Әлемде алғаш рет RT телеарнасымен 360 пішімінде түсірілген ашық ғарышқа шығу туралы ролик – негізгі бағдарламалардың бірі болады. Фестивальда ғарыш және оны зерттеу туралы көптеген жұмыстар бар, бірақ нағыз «тірі» бейнемен ешбір графика теңесе алмайды, оның бірегейлігі біздің фестиваліміздің ең қызықты түйіні болып табылады ” – деп түсіндірді Молодцов.

VR технологиясы қазіргі кезде жылдам дамуда, ол ойын және ойын-сауық саласында ғана емес, сонымен қатар  кино өнерінде, білім беруде, медицинада және көптеген өзге салаларда қолданылуда. 360 бейнесі көрермендерге ұсынылған хикаяны қандай жолмен көруді өз бетінше таңдау мүмкіндігін береді, осылайша олар сол хикаяның бірлескен авторларына айналады.

Виртуалдық шындық пішіміндегі кинобағдарламалар Канн, Венеция, Берлин, Мәскеу халықаралық кинофестивальдары секілді ірі халықаралық кино қарауларының бір бөлігіне айналып үлгерді.

Бұдан бұрын, 2018 жылғы қыркүйек айында VR-фестивальдің бағдарламасы Алматыда кинотеатр пішімінде ашық аспан астында көрсетілген болатын. Фестивальді өткізу кезінде оны 1500-ден астам алматылықтар көрді.

 

 

Шотыңызды толығымен бақылауға алыңыз!

Өз тарифіңізді құрастырыңыз және барлық шығындарды бір қосымшада басқарыңыз!
  • Шығындарды бақыла;
  • Теңгерімді толтыр;Ф
  • Тәптіштемені тексер;
  • Тарифтік жоспарды өзгерт;
  • Қызметтерді қос/ажырат;

   Download_on_the_App_Store_Badge_RU_RGB_blk_100317 каз.png

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ
"Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС Лицензия АБА № 000950 ҚР ААЖ берілген