Нөмірді таңдау Онлайн-төлем Бизнеске Жеке кабинет RU

Жаңалықтар

Баспасөз хабарламасы: Tele2 және Altel БК-нің 2017 жылғы 1-тоқсандағы қызметінің нәтижелері

11 Мая 2017

Алматы, 02.05.17 – 2016 жылдың 1-тоқсанында Tele2 Қазақстан және Altel БК негізгі көрсеткіштердің сенімді түрде өсуін жалғастырды. БК-нің абоненттік базасы есепті кезеңнің соңына қарай 74,110 пайдаланушыға өсіп, 6,513,856 абонентті құрады.

 EBITDA биылғы жылдың 1-тоқсанында алдыңғы есептік кезеңмен салыстырғанда 26%-ға өсіп, 4,4 млрд теңгені құрады. Арта түскен бәсекелестікке және желінің құрылысы бойынша инвестициялардың салынуына қарамастан, бұл көрсеткіштің өсуіне Altel және Tele2 компанияларының жалғасып жатқан ықпалдандырылуы және операциялық ауқымның ұлғюы оң әсер етті.

 2017 жылдың 1-тоқсанындағы жалпы табыс 2016 жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда 12%-ға азая отырып, 23 млрд теңгені құрады. Абоненттерге қызметтерді сатудан түскен табыс қаңтар-наурыз айларында 17,8 млрд теңгені құрады, бұл – алдыңғы есептік кезеңнің көрсеткішінен 1% жоғары болып отыр.

 Негізгі көрсеткіштердің өсуімен қатар, БК деректер беру көлемдерінің өсуін көрсетуде. 2017 жылдың 1-тоқсанында Tele2 және Altel абоненттері 115 ПБ мобильді трафик пайдаланған, бұл – өткен жылдың 4-тоқсанындағы осындай көрсеткіштен 11% жоғары болып отыр. Көрсеткіштің өсуіне – 4G стандарты желісінің сыйымдылығының өсуі мен қамтуының ұлғаюы, сондай-ақ LTE-Advanced (4G+) технологиясының коммерциялық пайдалануға шығарылуы жағдай жасады.  

 «Біз бір жыл бұрын екі компанияны ықпалдандырумен байланысты үлкен сынақты өзімізге қабылдадық. Осы мерзімнің ішінде біз алдымызға қойылған міндеттерге қол жеткіздік және ықпалдандыру үдерісін аяқтауға жақын қалдық – біз таяу уақытта Tele2 және Altel желілерін біріктіруді аяқтаймыз.

Ықпалдандыру міндеттерін шешумен қатар біз жылдам қарқынмен 4G желісін құруды жалғастыра түстік, сондай-ақ қазақстандық операторлардың арасында алғашқы болып мобильді интернеттің соңғы буыны – LTE-Advanced (4G+) желісін коммерциялық пайдалануды іске қостық, ол 225 Мбит/сек. дейінгі жылдамдықпен деректер алуға мүмкіндік береді. Осының барлығы біздің абоненттермен мобильді интернеттің тұтынылуының өсуіне әсерін тигізді, ал келешекте деректер берудің жылдамдығына аса жоғары талап қоятын сервистер мен қосымшалардың, мысалы VR-дің таралуына жағдай жасайды.

Біз Tele2 абоненттері үшін ең тиімді оператор болу және Altel клиенттері үшін технологиялық көшбасшы болу бойынша өз стратегиямызға бұрынғыша адал болып қаламыз және ұзақ мерзімді кезеңде Қазақстанның мобильді операторларының арасында абоненттерінің үлесі бойынша екінші орынды иемденуді жоспарлап отырмыз» - деп түсіндірді есептік кезеңнің нәтижелерін Tele2 Қазақстан және Altel БК басқарма төрағасы Роман Володин.  

 БАҚ үшін байланыстар:

E-mail: pr.kazakhstan@tele2.com

 Tele2 – жетекші  еуропалық байланыс операторларының бірі. Бүгінгі таңда Tele2 мобильді және тиянақталған телефония, Интернетке кең жолақты қол жеткізу және кабельді телевизия қызметтерін ұсына отырып, 9 елде шамамен 13 миллион абонентке қызмет көрсетеді.

Tele2 Қазақстанда 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді (2016 жылдан бері «Қазақтелеком» АҚ-мен БК болып), ол 6,5 миллион абонентке қызмет көрсетуде, сондай-ақ 3G және 4G Интернетке сымсыз кең жолақты қол жеткізу мен мобильді байланыс қызметтерін ұсынуда. Қазақстандағы қызметінің басынан бастап Tele2 нарықтың дамуына 150 млрд теңгеден астам қаражат инвестициялады. Tele2 брендінің негізгі артықшылықтары – байланыстың жақсы сапасы және іс жүзінде тиімді бағалар болды.

Шотыңызды толығымен бақылауға алыңыз!

Өз тарифіңізді құрастырыңыз және барлық шығындарды бір қосымшада басқарыңыз!
  • Шығындарды бақыла;
  • Теңгерімді толтыр;Ф
  • Тәптіштемені тексер;
  • Тарифтік жоспарды өзгерт;
  • Қызметтерді қос/ажырат;

   Download_on_the_App_Store_Badge_RU_RGB_blk_100317 каз.png

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ