Нөмірді таңдау Онлайн-төлем Бизнеске Жеке кабинет RU

Жаңалықтар

Мобильді байланыс операторы «АЛТЕЛ» АҚ Алматы қаласында сел қатері туралы смс-тарату уақытылы өткізілмегенін түсіндірді.

23 Июля 2015

Алматы

2015 жылдың 23 шілдесінде селдік ағындарының қатері туралы АЛТЕЛ абоненттеріне жіберілмеген СМС-хабарландыру фактісі бойынша «АЛТЕЛ» АҚ ақпараттандырады:

«АЛТЕЛ» АҚ және ТЖД арасында абоненттерге смс-хабарламаларға арналған жеке арнаны беру туралы шарт жасалды, сол шартқа сәйкес осы арна ТЖД үшін тәулігіне 24 сағат бойы ашық және абоненттерді ақпараттандыру шексіз көлемде, сондай-ақ тегін жүзеге асырылады.

Сұратуға және орын алған жағдайларға байланысты, АЛТЕЛ өз абоненттік базасы бойынша нақты көрсетілген қаланы ақпараттандыруға міндетті, бірақ келіп түскен сұратудың ережелері және үлгілері бекітілген ТЖД-мен жасалған бірыңғай келісімнің тіркелген тармақтарын анық орындау тиіс.

ТЖД-дан сұрату бірнеше рет келді, 23 шілдеде таңғы сағат 4:39 бастап, бірақ әр кезде көрсетілген үлгілерге сәйкес келмеді және мағыналық қателері болды, осыған байланысты АЛТЕЛ бірнеше рет дұрыс ақпаратты сұратты, бірақ өкінішке орай, ала алмады.

АЛТЕЛ, шарттың талаптарына сәйкес, ТЖД-ның мәтініне өзгеріс енгізуге құқығы болмағандығынан, 23 шілденің түнінде селдік қатер туралы қате мәтінмен СМС жіберілмеді.

Сонымен қатар, 2015 жылдың 20 шілдесінде Алматы қ. АЛТЕЛ абоненттеріне келесі мәтінмен селдік қатер туралы СМС-хабарландырулар жіберілді:

21-23.07.2015g. Alm.obl. Ugroza seleproyvlenia v gorah

21-23.07.2015g. Alm.obl. Tauly aimakta sel kateri

Жоғарыда мазмұндалғандармен байланысты келесіні хабарлаймыз. Операторлардың смс-таратудан бас тартқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.  Осындай жағдайларды болдырмау үшін, «АЛТЕЛ» АҚ операторлар мен ТЖД арасындағы келісімнің төтенше жағдайлар туралы СМС-таратулар үлгісіне қатысты тармақтарын қайта қарастыруды ұсынады.

Шотыңызды толығымен бақылауға алыңыз!

Өз тарифіңізді құрастырыңыз және барлық шығындарды бір қосымшада басқарыңыз!
  • Шығындарды бақыла;
  • Теңгерімді толтыр;Ф
  • Тәптіштемені тексер;
  • Тарифтік жоспарды өзгерт;
  • Қызметтерді қос/ажырат;

   Download_on_the_App_Store_Badge_RU_RGB_blk_100317 каз.png

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ