Нөмірді таңдау Онлайн-төлем Бизнеске Жеке кабинет RU

Жаңалықтар

Жаңаөзен, Сәтпаев қалаларында LTE (4G) желісін коммерциялық пайдалануға енгізу туралы

15 Октября 2014

«АЛТЕЛ» АҚ Қазақстанда  LTE желісін құруды жалғастыруда және 2014 жылдың 15 қазанында Жаңаөзен, Сәтпаев  қалаларында LTE желісін  коммерциялық пайдалануға енгізгені туралы хабарлайды.  Осы қалаларда LTE желісін пайдалануға енгізгеннен бастап жоғары жылдамдықтағы мобильді  4G интернеті Қазақстанның 7,4 миллионнан астам тұрғындарына  қолжетімді болды.

4G желісін енгізе отырып Jet сауда  белгісімен 3G қызметіне қосылу тоқтатылды.

LTE/UMTS/GSM ALTEL мультитехнологиялық желісін енгізуді дайындаумен байланысты осы қалаларда Jet абоненттеріне қызмет көрсету 2014 жылдың 22 қазанынан бастап тоқтатылады. Jet абоненттері ресми дилерлерге жүгіне отырып, бар болғаны 550 теңгеге 3G USB-модемін 4G USB-модеміне ауыстырып және ALTEL 4G тарифтеріне қосылып  Altel4G  қызметіне ауыса алады. Акция 15 қарашаға дейін әрекет етеді. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және 3G-модеміңіз болуы  тиіс.

         Компания осы қалаларда қазан айының екінші жартысында LTE/UMTS/GSM желісін енгізуді жоспарлаған. Енгізумен бірге смартфондарды жеңілдікпен сатып алу  және абоненттік төлемге 50 % жеңілдікпен ALTEL 4G:GSM желісіне Pathword және Dalacom абоненттерін ауыстыру басталады. LTE желісін бұдан ары құру  50 мыңнан астам тұрғындары бар қалаларда жоспарлануда.

 

Анықтама

  «АЛТЕЛ» АҚ – 1994 жылдан бастап  ұялы байланыс қызметін көрсетіп келе жатқан  Қазақстанның алғашқы ұлттық операторы, «Қазақтелеком» АҚ еншілес компаниясы. 2012 жылдың  желтоқсан айында   Алматы және Астана қалаларында 1800 МГц диапазон жиілігінде LTE желісін енгізді. Бір жылдан кейін желі Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Есік, Қапшағай, Қарағанды, Қаскелең, Өскемен, Шортанды, Шымкент, Талғар қалаларында, 2014 жылдың шілде айында Тараз және Қызылорда қаларында пайда болды.

2014 жылдың 15 мамырында «АЛТЕЛ» АҚ  Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Шымкент және Өскемен қалаларында Қазақстанда алғаш рет мультитехнологиялы 4G/3G/2G желісін енгізді. 2014 жылдың 19 қыркүйегінде Тараз, Қызылорда, Петропавл, Павлодар, Талдықорған, Орал, Көкшетау және Қостанай қалаларында 4G/3G/2G  желісін енгізді. Компания 2014 жылдың соңына дейін 50 мыңнан аса тұрғындары бар қалаларда  ALTEL 4G:GSM  желісімен қамтуды жоспарлап отыр.

 

     БАҚ арналған байланыс телефондары:

+7(727) 2598120 ішкі 11248

 email: info@altel.kz altel.kz

Шотыңызды толығымен бақылауға алыңыз!

Өз тарифіңізді құрастырыңыз және барлық шығындарды бір қосымшада басқарыңыз!
  • Шығындарды бақыла;
  • Теңгерімді толтыр;Ф
  • Тәптіштемені тексер;
  • Тарифтік жоспарды өзгерт;
  • Қызметтерді қос/ажырат;

   Download_on_the_App_Store_Badge_RU_RGB_blk_100317 каз.png

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ