Нөмірді таңдау Онлайн-төлем Бизнеске Жеке кабинет RU

Жаңалықтар

Семей қаласында LTE (4G) желісін коммерциялық пайдалануға енгізу туралы

26 Сентября 2014

СЕМЕЙ, 2014 ж. 26 қыркүйек. «АЛТЕЛ» АҚ Қазақстанда LTE желісінің құрылысын жалғастыруда және 2014 жылдың 26 қыркүйегінде Семей қаласында LTE желісін коммерциялық пайдалануға енгізетіні туралы хабарлайды. Семей қаласында LTE желісін пайдалануды бастаумен жоғары жылдамдықтағы мобильді 4G интернетінің қызметі Қазақстанның 7 миллионнан астам  яғни, еліміздің 41% тұрғындарына  қолжетімді болды. 2014 жылдың 26 қыркүйегі жағдайы бойынша  ALTEL-дің LTE желісі Қазақстанның ірі 17 қаласында және олардың маңындағы қалаларда ойдағыдай пайдаланылып келеді. Семей қаласында 4G желісін енгізумен байланысты Jet сауда белгісімен 3G қызметіне қосу тоқтатылды.

Мультитехнолгиялық LTE/UMTS/GSM желісін  енгізумен байланысты Семей қаласындағы Jet абоненттеріне 2014 жылдың 10 қазанынан бастап қызмет көрсетуін тоқтатады. Jet абоненттері ALTEL –дің Сату және қызмет көрсету орталықтарына (мекенжайы: Қабанбай батыр к., 42) келіп Altel4G қызметіне ауыса алады және ALTEL 4G тарифтеріне қосылып, өздерінің  3G USB-модемін  бар болғаны 550 теңгемен  4G USB-модеміне ауыстыра алады.  Акция 30 қазанға дейін жалғасады.  Өзімен бірге жеке куәлігі және 3G-модемі болуы тиіс.

Компанияның жоспарында Семей қаласында қазан айының  екінші жартысында LTE/UMTS/GSM желісін қосу бар. Енгізумен байланысты  смартфондарды  жеңілдікпен сатып алу және абоненттік төлемге 50% жеңілдік талаптарымен  ALTEL 4G:GSM желілеріне Pathword  және  Dalacom абоненттерін ауыстыру басталады.  LTE желісінің құрылысы 50 мыңнан астам тұрғыны бар 12 қалада жоспарланып отыр. Компанияның айтуы  бойынша осы қалалардың тұрғындары ағымдағы жылдың қараша айында 4G қызметін пайдалануға мүмкіндік алады. 

 

Анықтама

  «АЛТЕЛ» АҚ – 1994 жылдан бастап  ұялы байланыс қызметін көрсетіп келе жатқан  Қазақстанның алғашқы ұлттық операторы, «Қазақтелеком» АҚ еншілес компаниясы. 2012 жылдың  желтоқсан айында   Алматы және Астана қалаларында 1800 МГц диапазон жиілігінде LTE желісін енгізді. Бір жылдан кейін желі Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Есік, Қапшағай, Қарағанды, Қаскелең, Өскемен, Шортанды, Шымкент, Талғар қалаларында, 2014 жылдың шілде айында Тараз және Қызылорда қаларында пайда болды.

2014 жылдың 15 мамырында «АЛТЕЛ» АҚ  Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Шымкент және Өскемен қалаларында Қазақстанда алғаш рет мультитехнологиялы 4G/3G/2G желісін енгізді. 2014 жылдың 19 қыркүйегінде Тараз, Қызылорда, Петропавл, Павлодар, Талдықорған, Орал, Көкшетау және Қостанай қалаларында желіні енгізді. 2014 жылдың соңына дейін 50 мыңнан аса тұрғындары бар 12 қалаға қосылады. 2015 жылы Қазақстан Республикасының  қалған аумақтарында ALTEL 4G/3G/2G желісінің дамуы жалғастырылады.

 

     БАҚ арналған байланыс телефондары:

+7(727) 2598120 ішкі 11248

email: info@altel.kz

altel.kz

Шотыңызды толығымен бақылауға алыңыз!

Өз тарифіңізді құрастырыңыз және барлық шығындарды бір қосымшада басқарыңыз!
  • Шығындарды бақыла;
  • Теңгерімді толтыр;Ф
  • Тәптіштемені тексер;
  • Тарифтік жоспарды өзгерт;
  • Қызметтерді қос/ажырат;

   Download_on_the_App_Store_Badge_RU_RGB_blk_100317 каз.png

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ