Нөмірді таңдау Онлайн-төлем Бизнеске Жеке кабинет RU

Жаңалықтар

«АЛТЕЛ» АҚ тіркелген пайдаланушыларының саны екі жарым миллионға жетті

9 Июля 2015

«Қазақтелеком» АҚ еншілес компаниясы «АЛТЕЛ» АҚ өзінің абоненттік базасының 2,5 миллион абоненттке артқаны туралы хабарлайды.

«Біз енді екі жарым миллионбыз және де бұл шектеу емес – дейді «АЛТЕЛ» АҚ Басқарма төрағасы  Максут Сауранбеков,- компания өз өрісін кеңейтуде, жаңа сату орындарын ашып, жаңа өнімдер мен қызметтерді ұсынуда және осының бәрі Қазақстан бойынша пайдаланушылардың нақты қызығушылықтарын танытуда».

Бақытты билет бұл жолы «АЛТЕЛ» АҚ-мен ұялы байланыс және мобильдік КЖҚ саласында корпоративтік қызмет көрсетуге шарт бекіткен мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне түсті, осы шарттың аясында корпорация қызметкерлері АЛТЕЛ абоненттері болды.

«Мемлекеттік корпорацияларға, сонымен қатар шағын және орта бизнеске арналған ұсыныстарымыз олардың тарапынан үлкен қызығушылық тудырды,  сондықтан біздің мерейлі пайдаланушымыз  мемлекеттік сектор мекемесінің бір қызметкері болғаны кездейсоқ емес,- дейді «АЛТЕЛ» АҚ Бас коммерциялық директоры Ирина Савина».

Кез келген тұтынушының кіріс деңгейіне бағытталған «АЛТЕЛ» АҚ-ның мемлекеттік мекемелерге, министрліктерге және мекемелерге арнайы әзірлеген КОРПОРАЦИЯ тарифтік жоспары қызметкерлерге және олардың туыстарына байланыс қызметі үшін корпоративтік тарифтер бойынша төлеуге мүмкіндік береді.  

«Елестетіп көріңізші: әр қызметкеріңізде – қолайлы тариф, ал компанияңызда – ең аз шығындар, деп жалғастырды сөзін Ирина Савина, жеке мекемелерге арналған СМАРТ БИЗНЕС тарифімен сіздің қызметкерлеріңіз қолжетімді бағалармен минуттар, трафик және  SMS мәселесін шешу үшін қажеттінің барлығын алады». 

Мерейлі пайдаланушымызды құттықтай отырып, компания  өзінің абоненттерін, сонымен қатар жаңадан қосылған абоненттерін-жеке тұлғаларды да ұмыт қалдырмады. Оларға  арнап жақын арада бағасы және топтамасы бойынша  жаңа, тартымды ұсыныстар әзірлеп отыр, олармен компанияның  www.altel.kz сайтында таныса аласыздар.

Компания сонымен қатар, CDMA желісінен жаңа LTE/UMTS/GSM АЛТЕЛ технологиясына ауысу аясында Pathword, Dalacom, City абоненттерінің ауысуы жалғасып жатқанын хабарлайды.  Желіні қайта қосу кестесіне сәйкес 8 шілдеден бастап Петропавл, Орал, Талдықорған, Семей, Ақтау және Атырау қалаларындағы Pathword, Dalacom және City абоненттерінің қызметін сөндірді. Басқа қалалар ағымдағы жылы жаздың соңына дейін кезең-кезеңімен сөндірілетін болады. Pathword, Dalacom және City абоненттері АЛТЕЛ Сату және қызмет көрсету орталықтарында, сонымен қатар уәкілетті дилерлердің салонында өз нөмірлерін GSM желісіне қайта ресімдеп, ең  тиімді ұсыныстармен CDMA- телефондарын смартфонға ауыстыра алады.

Дамудың зор қарқынын ескере отырып, «АЛТЕЛ» АҚ болжамдық көрсеткіштерін қайта қарастырды, 2015 жылдың соңына дейін абоненттік база бойынша абоненттер саны 3,5 миллионға жетеді.

 

  «АЛТЕЛ» АҚ

Қоғаммен байланыс қызметі

Шотыңызды толығымен бақылауға алыңыз!

Өз тарифіңізді құрастырыңыз және барлық шығындарды бір қосымшада басқарыңыз!
  • Шығындарды бақыла;
  • Теңгерімді толтыр;Ф
  • Тәптіштемені тексер;
  • Тарифтік жоспарды өзгерт;
  • Қызметтерді қос/ажырат;

   Download_on_the_App_Store_Badge_RU_RGB_blk_100317 каз.png

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ