Нөмірді таңдау Онлайн-төлем Бизнеске Жеке кабинет RU

Жаңалықтар

«АЛТЕЛ» АҚ абоненттерінің саны үш миллионға артты

22 Октября 2015

«Үш миллион абонент – бұл компанияның нағыз активі және біз жылдамдықтың, трафиктің көбеюіне, қамту аймағының ұлғаюына дайынбыз. Жұмыс бір күнге де толастамайды, апта сайын еліміздегі алғашқы мультитехнологиялық 4G/3G/2G желісі еліміздің көптеген тұрғындарына 4G жылдамдығындағы интернеттің барлық басымдылығын сезінуге мүмкіндік беретін ондаған сайттарға өседі», -дейді АЛТЕЛ АҚ Бас техникалық директоры Болатбек Толкунов.

Мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» АҚ, негізгі компания – «Қазақтелеком» АҚ, сонымен қатар Қазақстан даму банкісінің қолдауы арқасында жобаның табысты жүзеге асқаны туралы компанияның топ-менеджерлері баса айтады.

«Біз, қаржыгерлер пайдаланушылар санына емес, кірістерге көбірек көңіл бөлеміз» – деп күлімдеп сөзін жалғастырды АЛТЕЛ АҚ Бас қаржы директоры Алимжан Альмамбетов. Абоненттерімізге бұдан да бәсекеге қабілетті ұсыныстарды ұсынуға мүмкіндік беретін тиімділіктің негізгі көрсеткіштері, сонымен бірге қаржы көрсеткіштері бастапқы жоспарлағаннан да асып түсетін диапазонында болады».

Үш миллионыншы абоненттің қосылуына орай жаңа бәсекеге қабілетті ұсыныс ретінде «Супер Smart PRO» тарифтік жоспарын енгізу болып табылады. Ол тарифтің топтамасы интернет-трафиктің 30GB, желі ішінде тегін дауысты және СМС-қызметтерді және басқа желілерге көп минуттарды қамтиды.

Компания нарықта пайдаланушылардың жалпы белсенділігі төмендегеніне қарамастан 2015 жылдың соңына дейін АЛТЕЛ желісіне қосылудың қарқыны жоғары болады деп болжайды.

«Қазақстанда LTE желісін енгізген күннен бастап үш жылдық мерейтойға өз абоненттерімізді және болашақ абоненттерімізді әлі талай рет таң қалдыратынымызға және қуантатынымызға сенімдіміз»,- дейді АЛТЕЛ Бас коммерциялық директоры Ирина Савина.

Анықтама:

«АЛТЕЛ» АҚ – «Қазақтелеком» АҚ еншілес компаниясы, 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы аумағында мобильді байланыс қыземттерін көрсетеді. LTE технологиясы бойынша қызметтерді «АЛТЕЛ» АҚ ALTEL 4G сауда белгісімен көрсетеді. LTE желісі 2012 жылдың 25 желтоқсанында Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің тапсырмасы және стратегиялық кең жолақты деректерді жіберуді дамыту бағдарламасы аясында іске қосылды. GSM желісі 2014 жылдың 15 мамырында пайдалануға берілді.

2015 жылдың 18 қазанында FitchRatings халықаралық агенттігі "BB" дейгейінде «Қазақтелеком» АҚ-нің рейтингін «позитивтік» деп растады. FitchRatings талдаушылары мобильді сегментте «Қазақтелеком» АҚ-нің мықты ұстанымын атады, ол сегментті оның еншілес бөлімшесі «АЛТЕЛ» АҚ құрайды. «Абоненттердің санын барынша ұлғайту «Қазақтелеком» АҚ нарықтағы үлесін арттыру үшін өз технологиялық артықшылықтарын пайдалана алғанын білдіреді", - деп тұжырымдады агенттікте.

*Мерейтойлық үш миллиондық абонентке серіктес компания Galaxy S6 edge+ смартфонын сыйлыққа берді. Ол мінсіз үлгіні және озық процессорды, Quad HD Super AMOLED (5,7 дюйм) экранын, жоғары сапалы фото және видео түсіруге арналған камераны үйлестіреді. Сымсыз және сымды қуаттандырудың заманауи жүйесімен қамтылған, сонымен қатар нарықтағы жоғары өнімді процессорлардың бірі."

«АЛТЕЛ» АҚ Баспасөз қызметі

Шотыңызды толығымен бақылауға алыңыз!

Өз тарифіңізді құрастырыңыз және барлық шығындарды бір қосымшада басқарыңыз!
  • Шығындарды бақыла;
  • Теңгерімді толтыр;Ф
  • Тәптіштемені тексер;
  • Тарифтік жоспарды өзгерт;
  • Қызметтерді қос/ажырат;

   Download_on_the_App_Store_Badge_RU_RGB_blk_100317 каз.png

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ