Нөмірді таңдау Онлайн-төлем Бизнеске Жеке кабинет RU

Жаңалықтар

АЛТЕЛ Павлодар, Петропавл, Қостанай, Орал, Талдықорған және Көкшетау қалалар

12 Августа 2014
«АЛТЕЛ» АҚ Қазақстанда LTE желісінің құрылысын жалғастыруда және Павлодар, Петропавл, Қостанай, Орал, Талдықорған және Көкшетау қалаларында LTE желісін коммерциялық пайдалануға енгізгені туралы хабарлайды.
LTE мобильдік желісі 2012 жылдың желтоқсан айында Астана және Алматы қалаларында, 2013 жылдың желтоқсан айында Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Есік, Қапшағай, Қарағанды, Қаскелең, Өскемен, Шортанды, Шымкент, Талғар қалаларында, 2014 жылдың шілде айында Таразда және Қызылордада коммерциялық пайдалануға берілді. 
Еліміздің алты ірі қалаларында 4G желісін енгізумен АЛТЕЛ 6 миллионнан астам халқымызға бірден қолжетімді бола бастаған 4-ші буындағы инновациялық телекоммуникациялық қызметтерін Қазақстанда таратып жатқандығын және Қазақстан тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, түрлендіретін, сонымен бірге әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалар мен бизнес ортаның дамуына жаңа мүмкіндік беретін 4G интернетін еліміздің басқа да аймақтарында кеңінен және жылдам таралуына ерекше көңіл бөліп отырғандығын «АЛТЕЛ» АҚ Басқарма төрағасы Максут Сауранбеков атап айтты
«Бүгіннен бастап біздің Сату және қызмет көрсету орталықтарында JET абоненттері өздерінің құрылғыларын ең үздік талаптармен соған ұқсас LTE құрылғыларына ауыстыра алады, сонымен қатар жаңа абоненттерімізге арнайы ұсыныстарды да дайындадық, мысалы 4 900 теңгеге 4G USB-модемін сатып алып, 4G жылдамдығымен 99 Gb интернет трафигін сыйлыққа ала алады» - деп жалғастырды «АЛТЕЛ» АҚ Бас коммерциялық директоры Ирина Савина
Павлодар, Петропавл, Қостанай, Орал, Талдықорған және Көкештау қалаларындағы АЛТЕЛ абоненттеріне 4G интернетінің LTE/GSM/UMTS мультитехнологиялық желісін енгізу 2014 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған. 2014 жылдың соңына дейінгі компанияның жоспары – осы жылдың күзінде 50 мыңнан астам халқы бар қалған 12 қалада LTE/GSM/UMTS желісін енгізу. 
Компания туралы
«АЛТЕЛ» АҚ – Қазақстан Республикасының аумағында 1994 жылдан бастап ұялы байланыс қызметін көрсетіп келе жатқан «Қазақтелеком» АҚ еншілес компаниясы. LTE желісі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын және кең жолақты деректерді жіберудің стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында алғаш рет 2012 жылдың 25 желтоқсанында енгізілді. LTE/GSM/UMTS желісі Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында 2014 жылдың 15 мамырында енгізілді. LTE желісі Қазақстанда 1800 МГц жилігінің диапазонында жұмыс істейді. 
Технология туралы 
LTE (Long-Term Evolution ағылшын тілінен –ұзақ уақытты даму) —секундына 100 Мбитке дейін және одан да жоғары (LTE Advance) диапазонда 4G (fourth generation — «төртінші буын») деректерді жіберу жылдамдығын қолдай алатын мобильдік байланыстың технологиясы. LTE желісі әлемнің 100 елінде енгізілген, қазан айының соңындағы деректер бойынша LTE-ні пайдаланушылардың жалпы саны 135 млн. құрады, оның негізгі үлесі АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапонияға тиесілі.

Шотыңызды толығымен бақылауға алыңыз!

Өз тарифіңізді құрастырыңыз және барлық шығындарды бір қосымшада басқарыңыз!
  • Шығындарды бақыла;
  • Теңгерімді толтыр;Ф
  • Тәптіштемені тексер;
  • Тарифтік жоспарды өзгерт;
  • Қызметтерді қос/ажырат;

   Download_on_the_App_Store_Badge_RU_RGB_blk_100317 каз.png

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ