Нөмірді таңдау Онлайн-төлем Бизнеске Жеке кабинет RU

Жаңалықтар

Altel LTE-Advanced (4G+) технологиясын коммерциялық пайдалануды іске қосты

4 Апреля 2017

Қазақстанда алғаш рет осы жоғары жылдамдықты мобильді интернет стандарты Қазақстанның 12 аса ірі қалаларында қолжетімді болып отыр. Бұл технология абоненттің құрылғыларының техникалық сипаттамалары мен қамту аймағына қарай, деректерді 225мбит/с дейінгі жылдамдықпен жүктеуге мүмкіндік береді.

 LTE-Advanced стандартын іске қосу – 2 салмақ түсетін жиілікті біріктірудің (Carrier Aggregation) арқасында  мүмкін болып отыр, бұл – базалық станция мен абоненттің арасындағы байланыс арнасының өткізу қабілетін кеңейтуге жәрдемдеседі. Салмақ түсетін екі жиілікті бір уақытта пайдалану – жиіліктердің барынша кең жолағын іске тартуға мүмкіндік береді, осының нәтижесінде деректер берудің жылдамдығын арттыру мүмкіндігі туады.

 Деректер беру жылдамдығын арттырумен қатар, LTE-Advanced артықшылықтарына – шектеулі болып табылатын жиілік ресурсын оңтайлы пайдалану жатады. Сондай-ақ оператордың радиоресурстарын пайдалану тиімділігін арттыра алады. Соңғысы сектордың сыйымдылығын ұлғайтады және абоненттік тәжірибені жақсартады. Мысалы, егер абонент бір жиілік диапазонындағы шектен тыс жүктелген секторға түскен болса, оған басқа жиілік диапазонында бірден қызмет көрсетіле алады.

 “Биылғы жылдың басында Altel-дің көптеген абоненттері өздерінің мобильді құрылғыларында  4G+ белгісінің пайда болғанын байқады. Бұл – өткен жылдың желтоқсан айынан басталған, жиілікті агрегациялау бойынша ұзаққа созылған жұмыстың нәтижесі болды. Іске қосу үшін біз өз абоненттеріміздің басым көпшілігі тұратын қалаларға – Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Тараз, Қызылорда, Көкшетау, Талдықорған, Семей, Павлодар, Қостанай және Петропавл қалаларына баса назар аудардық. Қазіргі уақытта біз бұл қалаларда LTE-Advanced стандартының 100% дерлік қамтылуын қамтамасыз етіп отырмыз. Мамыр айында бұл технология сондай-ақ Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Орал қалаларында қолжетімді болады. Еұл технология LTE стандартымен салыстырғанда барынша елеулі жылдамдық сипаттамаларын қамтамасыз ететінін есіңізге салғым келеді – тіпті ең «ауыр салмақты» файлдарды жүктеуге едәуір аз уақыт кетеді.

 Қазіргі уақытта, негізінен бұл технологияны негізгі өндірушілердің – Apple, Samsung, Huawei, Sony және т.б. компаниялардың флагмандық үлгілерінде пайдалануға болады. Алайда, құрылғылар буынының қарқынды жылдамдықпен ауысып жатқанын ескерер болсақ, таяу арада LTE-Advanced стандарты абоненттердің арасында кеңінен қолданыла бастайды. Altel үшін соңғы буындағы мобильді интернет стандартын іске қосу аса маңызды болып табылады – біздің компания әрдайым саланың технологиялық көшбасшысы болды және ақырғы пайдаланушыларға соңғы технологияларды таратып келді. LTE-Advanced стандартының енгізілуін – еліміздегі Voice over LTE технологиясын өрістетудің алғашқы қадамы деп есептеуге болады”, - деп түсіндірді Altel және Tele2 техникалық директорының орынбасары Болатбек Толкунов.

 Бүгінгі таңда LTE Advanced (4G+) коммерциялық пайдаланудағы төртінші буынды байланыстың ең соңғы сымсыз стандарты болып табылады, оның бекітілуі 2011 жылғы наурыз айында жүзеге асырылған болатын. Абоненттер үшін бұл технология 2012 жылғы қазан айында қолжетімді болды. Бүгінгі таңда бұл технология әлемнің 76 елінде пайдаланылады. ТМД елдері арасында Қазақстан Ресейден кейін LTE-Advanced стандарты өрістетілген екінші нарық болды. Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылы «Altel» Қазақстанда 3G стандартын іске қосуды алғашқы болып жүзеге асырды, ал 2012 жылы – 4G стандартындағы интернетті коммерциялық пайдалануды іске іске қосты. 

Шотыңызды толығымен бақылауға алыңыз!

Өз тарифіңізді құрастырыңыз және барлық шығындарды бір қосымшада басқарыңыз!
  • Шығындарды бақыла;
  • Теңгерімді толтыр;Ф
  • Тәптіштемені тексер;
  • Тарифтік жоспарды өзгерт;
  • Қызметтерді қос/ажырат;

   Download_on_the_App_Store_Badge_RU_RGB_blk_100317 каз.png

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ