Нөмірді таңдау Онлайн-төлем Бизнеске Жеке кабинет RU

Жаңалықтар

Бүгін Ло

3 Ноября 2015

Лондон, Ұлыбритания 2015 жылғы 03 қараша

«Қазақтелеком» АҚ еншілес компаниясы “АЛТЕЛ” АҚ және Vodafone Ltd, United Kingdom (GBRVF) компаниясы бүгін Лондон қаласында (Ұлыбритания) өтіп жатқан Қазақ-Британ іскерлік кеңесінің барысында Vodafone Group plc-пен бұрын жасалған роуминг қызметін көрсету туралы шартқа сәйкес Vodafone (Великобритания) желісінде «АЛТЕЛ» АҚ абоненттеріне роуминг қызметін коммерциялық пайдалануға қосу туралы сертификатқа қол қойды.

Компаниялар арасындағы келісім бойынша ынтымақтастықтың алғашқы кезеңінде АЛТЕЛ абоненттеріне Ұлыбритания аумағында Vodafone желісінде мобильді байланыстың барлық заманауи қызметтері қолжетімді болады: дауысты қызметтер, факсимильдік және SMS-хабарламаларды жіберу, сонымен қатар EDGE/GPRS/3G базасында деректерді жіберу қызметтері. Жақын арада АЛТЕЛ желісінде роуминг қызметі Vodafone Ltd, United Kingdom абоненттеріне қолжетімді болады.

«АЛТЕЛ» АҚ және Vodafone (Ұлыбритания) арасында роуминг қызметін коммерциялық іске қосу туралы сертификатқа 2015 жылғы 03 қарашада Лондонда өткен Қазақ-Британ іскерлік форум аясында қол қойылды. АЛТЕЛ атынан келісімге «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев қол қойды, ол Ұлыбританияда Vodafone желісіне қосылған ALTEL-дің алғашқы абоненті болып тіркелді.

" Vodafone желісінде АЛТЕЛ абоненттеріне роуминг қызметін көрсету туралы шарт екі компания арасында мобильді байланыс саласында өзара тиімді ынтымақтастықтың бастауы ғана емес, сондай-ақ телекоммуникация және бөлшек бизнес саласында стратегиялық серіктестің бастамасы болып табылатынына сенімдімін», - деп түсіндірді Қуанышбек Есекеев, - Қазақстанда алғашқы LTE/UMTS/GSM мультитехнологиялық желісінің кең мүмкіндіктерін ұсына отырып, біз АЛТЕЛ позициясын ұлттық ұялы байланыстың операторы ғана емес, сондай-ақ әлемнің ірі операторлары сенім білдіретін телекоммуникация саласындағы заманауи технологияларды жеткізуші ретінде дамытамыз.

Бұрынырақ «АЛТЕЛ» АҚ және Vodafone компаниясы тобының арасындағы жалпы шарт аясында АЛТЕЛ абоненттері үшін екіжақты GSM/GPRS/3G роуминг Түркияда, Чехияда, ОАР, Нидерландыда, Испанияда және Мальтада Vodafone желісінде енгізілген болатын. Қалған елдермен «АЛТЕЛ» АҚ Vodafone роумингін ағымдағы жылдың соңына дейін қосуды жоспарлап отыр. Ұлыбританиядағы роуминг қызметін көрсете бастаумен 2014 жылдың мамыр айында GSM желісін енгізген сәттен бастап бір жарым жылға толмайтын уақыт ішінде «АЛТЕЛ» АҚ роуминг-серіктестерінің саны 135-ке жетті. Болашақта АЛТЕЛ және Vodafone абоненттері үшін тестілер жүргізіліп, LTE енгізетінін жоспарланып отыр.

Vodafone Group plc – ұялы байланыс операторларының кіріс көлемі бойынша әлемдегі ең ірі британдық компания. Штаб-пәтері - Ньюбери, Беркшир графствосы. 1983 жылы Racial Telecom атауымен негізін салған, 1992 жылдың шілде айында Ұлыбританияда алғаш рет Vodafone GSM-желісі енгізілді. Vodafone абоненттерінің саны 330 млн. асады, компания өз операцияларын әлемнің 30 елінде жүргізеді және 40 елінде серіктестері бар.

«АЛТЕЛ» АҚ 1994 жылы құрылып, AMS стандартында ұялы байланыс қызметін көрсетті. 2014 жылдың мамыр айында ALTEL сауда белгісімен GSM стандартындағы ұялы байланыс қызметін көрсетуді бастады. 2015 жылдың қазан айының соңында ALTEL абоненттерінің саны 3 миллионға жетті. «АЛТЕЛ» АҚ 100 % акционері – Қазақстан Республикасындағы ең ірі телекоммуникациялық оператор – «Қазақтелеком» АҚ болып табылады.

Шотыңызды толығымен бақылауға алыңыз!

Өз тарифіңізді құрастырыңыз және барлық шығындарды бір қосымшада басқарыңыз!
  • Шығындарды бақыла;
  • Теңгерімді толтыр;Ф
  • Тәптіштемені тексер;
  • Тарифтік жоспарды өзгерт;
  • Қызметтерді қос/ажырат;

   Download_on_the_App_Store_Badge_RU_RGB_blk_100317 каз.png

Біріккен оператордың жоғары жылдамдықты интернеті – халқының жалпы саны 11 млн. адамнан асатын 680-ге жуық елді мекенді қамтиды.

© Copyright 2017 ALTEL.KZ